ОРАЛ. 6 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы мамырда инфляция 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 101,8 пайызды құрады.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 2012 жылдың қаңтар-мамырында азық-түлік тауарларының бағасы 2 пайызға өсті. Ет 7,3 пайызға, соның ішінде шошқа еті - 0,9 пайызға, жылқы еті - 9,6 пайызға, қой еті - 11,5 пайызға, сиыр еті 12,6 пайызға қымбаттады.
Бес айда көкөніс бағасы - 6,7 пайызға, соның ішінде қызылша - 8,8 пайызға, сабақты пияз 14,2 пайызға төмендеді. Картоп 14,1 пайызға арзандады. Осы кезеңде ұн бағасы - 1,8 пайызға, жарма - 5,5 пайызға, май және тоңмай 3,2 пайызға түсті.
Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда, облыста ең төмен бағалар жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны, жоғары және бірінші сұрыпты бидай наны, кеспе, шошқа майы, ашытқы, бананға түзілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).