ОРАЛ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы қарашада инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 103,6 пайызды құрады.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы он бір айда азық-түлік тауарларының бағасы 3,9 пайызға өсті.
Еттің бағасы 9,9, соның ішінде шошқа еті - 7,9, жылқы еті - 11,2, қой еті - 13,5, сиыр еті 14,7 пайызға көтерілді. Кондитер өнімдері - 3,1, бөлке және ұннан жасалған кондитер өнімдері - 4,5, қант - 4,8, ұн - 12, нан - 3,3, макарон өнімдері 1,6 пайызға қымбаттады.
Жыл басынан бері көкөніс бағасы - 4,6, соның ішінде басты пияз - 6,1, қызылша - 7,4, қияр - 4,4, қызанақ - 14,7
пайызға төмендеді. Картоп 13,7 пайызға арзандады. Осы кезеңде жарма бағасы 16,3 пайызға түсті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).