ОРАЛ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өткен жылғы желтоқсандағы инфляция деңгейі 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2 пайызды құрады.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, 2012 жылы азық-түлік тауарларының бағасы 5,1 пайызға өсті. Еттің бағасы 11,7, соның ішінде шошқа еті - 9,9, жылқы еті - 11,2, қой еті - 16,2, сиыр еті 17,7 пайызға көтерілді. Макарон өнімдері 3, ірімшік және сүзбе - 3,4, нан - 3,6, кондитер өнімдері - 3,1, бөлке және ұннан жасалған кондитер өнімдері - 4,7, қант - 4,8, ұн 12,6 пайызға қымбаттады.
2012 жылы есесіне көкөніс бағасы - 1,2, соның ішінде пияз - 0,4, қызылша - 7,4, қызанақ 6,2 пайызға төмендеді. Картоп 8,6 пайызға арзандады. Осы кезеңде жарма бағасы 16,3 пайызға түсті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).