Батыс Қазақстанда инвестиция көлемі 193,1 млрд. теңгеге жетіп, 14,1 пайызға көбейді

ОРАЛ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанда өткен жылы өңір экономикасына 193,1 млрд. теңге инвестиция құйылды, бұл алдыңғы жылғыдан 14,1 пайызға артық.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, инвестицияның негізгі бөлігі немесе 70,8 пайызы өнеркәсіпке жұмсалды. Сондай-ақ 12,2 пайызы - көлік және қоймалау, 7,7 пайызы - жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, 2,7 пайызы денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметке бағытталды.

Инвестицияның қомақты көлемі Бөрлі (79,3 млрд. теңге), Зеленов (52,7 млрд. теңге) аудандары мен Орал қаласының (35,4 млрд. теңге) үлесінде.