ОРАЛ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО прокуратурасы облыстық әлеуметтік қорғау және бақылау департаментімен бірлесіп жүргізген тексерулер барысында кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын бұзу фактілері анықталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс прокуратурасынан түскен мәліметке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Бөрлі ауданында 16 жасар қыз көңіл көтеру орнында түнгі жұмысқа тартылғанда, онымен жеке еңбек шарты жасалмаған. Сондай-ақ төрт жасөспірім сауда-коммерциялық кәсіпорнында салмағы нормадан жоғары жүк түсіруге қатысқан. Кәмелетке толмағандар міндеттік медициналық байқаудан да өтпеген. Жасөспірімдер үшін жұмыс күнінің ұзақтығын сақтау да кейде ескерілмейді. Мәселен, Зеленов ауданы құрылыс нысандарында жұмыс жасаған жасөспірімдердің жұмыс уақыты аптасына 48 сағатты құраған, ал ол Еңбек кодексіне сәйкес 36 сағаттан аспауы тиіс.
Тексеру қорытындысына сәйкес аталмыш департаментке ұйғарым беріліп, ол қаралу үстінде. Күні бүгінге дейін департамент еңбек заңдылығын бұзған 12 жұмыс берушіні ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 87-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).