ОРАЛ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 сәуірге ірі және орта кәсіпорындардың міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешегі 2764,9 млн. теңгеге жетті.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде жалақы қарызы - 65,1 млн. теңге.
Биылғы бірінші тоқсанда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 98478 млн. теңгенің өнімін өндірген болатын, бұл өткен жылғыдан 3 пайызға көп. Аталмыш салада жұмыс жасайтындар саны 3 пайызға өсіп, 94163 адамға жетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).