деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дүйсенбі күні кешке облыстың бірқатар аудандарында солтүстік-шығыстан секундына 18-23 метр жылдамдықпен соққан қатты желдің салдарынан мектеп ғимараттары, дәрігерлік амбулаториялар, кітапханалар, басқа да нысандар зақымданды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Келген шығындарды анықтау мақсатында оқиға орнында қазір арнайы комиссия жұмыс істеуде.