Батыс Қазақстанда қайырымдылық айлығы басталды

АЛ. 3 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 1 қазанда қайырымдылық айлығы басталды.

Қариялар күнінен бастау алып, 1 қарашаға дейін созылатын айлық барысында мекеме-кәсіпорындар, кәсіпкерлер жылдағыдай жалғызілікті адамдар мен көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созатын болады.

Батыс Қазақстан облысында 70 мыңдай зейнеткер болса, олардың зейнетақысы биылғы 1 қаңтардан 30 пайызға өскен болатын.

Орал қаласында тұратын зейнеткер Нина Неверованың айтуынша, мемлекет ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсетіп келеді. Өмір бойы ательеде жұмыс жасаған өзінің зейнетақысы - 36 мың теңге. Ал Жәмила Нұрғалиева 35 жыл институтта еңбек еткен. Оның зейнетақысы - 51 мың теңге. «Біз Елбасы саясаты арқасында осындай күнге жетіп, қамқорлыққа бөленіп отырмыз», - дейді олар.