ОРАЛ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 10,9 млрд. теңгенің қызметін көрсетті.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 10,4 пайызға артық.
Барлық қызмет көрсету көлемі мемлекеттік емес сектор үлесіне тиесілі. Жекеменшік кәсіпорындардың қызмет көрсету көлемі 2,7 млрд. теңге көлемінде (24,3 пайыз), басқа елдердің меншігіндегі заңды тұлғалар мен азаматтардікі 8,2 млрд. теңгені (75,7 пайыз) құрады.
Ірі және орта кәсіпорындар - 9,0 млрд. теңгенің (82,9 пайыз), жеке кәсіпкерлер - 1,4 млрд. теңгенің (13 пайыз), шағын кәсіпорындар 0,5 млрд.теңгенің (4,1 пайыз) қызметін көрсетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).