ОРАЛ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында көктемгі егіс жұмыстары аяқталып келеді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Марат Оңғарбеков мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, биыл 453 мың гектар жерге жаздық дақылдар егілуі тиіс болса, соның 335 мың гектарына дән себілді немесе жұмыс 90 пайызға орындалды. 105 мың гектарға арпа себілуі керек болса, ол жұмыс толықтай атқарылды. Сондай-ақ майлы дақылдар 48 мың гектардың орнына 67 мың гектарға орналастырылып, 140 пайызға орындалды. Картоп 4080 гектардың орнына 4094 гектарға егілді.
М.Оңғарбековтің сөзіне қарағанда, науқан бір-екі күнде мәреге жетпек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).