ОРАЛ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында да көліктерге жаңа үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлері берілуде.
БҚО ІІД жол полициясы басқармасы тіркеу, емтихан алу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жанболат Жаншиннің айтуынша, қазірдің өзінде 800-ден астам көлік жаңа нөмірге ие болып үлгерді.
Бұрын автокөліктерді қай аймақтікі екенін бірінші әрпіне қарап ажырататын болса, енді цифрдан-ақ білуге болады. БҚО-ның еншісіне қасиетті «7» саны тиген. Мемлекеттік туымыз бен «KZ» жазуынан кейін үш цифр, одан кейін жекеменшік көліктерде үш, мекеме автоларында екі әріп орналасқан. Бәрі халықаралық талаптарға сай. Бірақ ескі нөмірлер міндетті түрде жаңасына ауыстырылуы тиіс деген талап қойылмайды. Жаңа тіркеу нөмірі жоспарлы түрде және біртіндеп әркім көлігін жаңадан немесе қайтадан тіркеткенде берілуде. Жаңа нөмір үшін мемлекеттік баж салығының көлемі Салық кодексімен бекітілген.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).