ОРАЛ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқалар» тапсырылуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осындай рәсімдер Ақжайық ауданының бірнеше ауылында өткізілді. Мерген, Мойылды, Жайық ауылдарында аудан әкімі Абай Иманғалиев жеті және алты бала тапқан аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» табыс етті. Жаңабұлақ, Қабыршақты ауылдарының көп балалы аналары да құрметке бөленді. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагері, Беларусь елін азат етуге қатысқан мергендік Бақтыгерей Қатиннің өңіріне мерейтойлық медаль тағылды. Осындай медаль чапаевтық Бақтығали Сәрсекеновке де тапсырылды.
Облыс аудандары мен Орал қаласында жеті және алты бала тапқан аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» табыс ету, сонымен қатар оларды осы марапатқа ұсыну шаралары жалғасуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).