Батыс Қазақстанда көтерме сауда көлемі 192,4 млрд. теңгеге жетіп, 14,1 пайызға өсті

ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылы Батыс Қазақстан облысында көтерме сауда көлемі 192,4 млрд. теңгеге жетіп, 2011 жылғыдан 14,1 пайызға өсті.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, барлық тауар айналымының көлемі мемлекеттік емес сектор үлесіне тиесілі. Жеке меншік кәсіпорындар 187,9 млрд. теңгенің (97,7 пайыз), басқа елдердің заңды тұлғалары мен азаматтары 4,5 млрд. теңгенің (2,3 пайыз) тауарын өткізді.

Ірі және орта кәсіпорындар 42,9 млрд. теңгенің (22,3 пайыз), шағын кәсіпорындар 148,4 млрд. теңгенің (77,2 пайыз), жеке кәсіпкерлер 1,1 млрд. теңгенің (0,5 пайыз) көтерме саудасын жасады.

Жыл басынан өндірілген қазақстандық тауарлардың үлесі 12,3 пайызды құрады.