ОРАЛ. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Дариян ауылында қой ұрлағандар қолға түсті.
Облыстық ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ұрылар 62 жасар М. деген азаматтың алты бірдей қойын жымқырып кеткен. Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері осы ауылда тұратын еш жерде жұмыс жасамайтын 20 жасар Ю. және А. Деген күдіктілерді құрықтады. Бұдан бұрын да бірнеше рет осындай қылмыстар жасаған олар өз айыбын мойындаған.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).