ОРАЛ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 6-7 наурыз күндері Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде ауаның температурасы 17-22 градус аязға дейін төмендейді.
Осыған орай БҚО төтенше жағдайлар департаменті тиісті мекемелерге ескерту жариялады. Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында іс-шаралар қолға алынып, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар, электр және байланыс жүйелері бақылауға қойылды. Төтенше жағдайларды жоятын күш-құралдар дайындалып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).