ОРАЛ. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Құрбан айт мейрамы кеңінен тойлануда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірлердегі барлық мешіттерде айт намазы оқылып, қала, аудандарда құрбан шалынуда. Орал қаласындағы орталық мешітке жиналған жамағатты облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов құттықтады.
Соңғы кезде облыста мешіттер қатары көбейіп келеді. Мәселен, Ақжайық ауданы орталығында «Мешіт» қоғамдық қоры құрылып, 1,3 млн. теңгеге жаңа ғибадатхананың жобалық-сметалық құжаттары жасалса, Жаңақала ауданы орталығында 400 орындық, қос қабатты мешіт ғимараты Тәуелсіздік мейрамына орай пайдалануға берілмек. Мұндай игілікті істер көпшіліктің күш-қолдауымен өзге ауыл-аймақта да жүзеге асуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).