ОРАЛ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қыркүйектің 5-інде күзгі аңшылық маусым басталады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Евгений Карповтың айтуынша, аң аулау арнайы аңшылық шаруашылықтарда рұқсат етіледі. Ал резервтік қордағы жерлерден аң аулауға тыйым салынады. Жеке тұлғалар аңшылық шаруашылықтардың берген рұқсатымен ғана шыға алады. Аңшылардан ең алдымен өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау талап етіледі. Содан кейін атып алған аң-құсты сойғанда санитарлық-гигиеналық талаптарды да ұмытпау керек.
Аталмыш маусым қарашаның 30-ына дейін созылмақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).