ОРАЛ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша кедендік бақылау департаменті «Орал-ЦТО» кеден бекетінің қызметкері Г.Бектұрғанов,
сондай-ақ Жайық-Каспий экология департаменті БҚО филиалының жетекші маманы К.Мәсіловке қатысты ҚР ҚК 307-бабы 2-бөліміне сәйкес қозғалған қылмыстық істер сотқа берілді.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Г.Бектұрғанов 2007 жылы автокөліктерді қарау кезінде пайда табу, жеке тұлғаларға артықшылық беру мақсатында сәйкессіздіктерді көрсетпеген. Сөйтіп мемлекетке 6466293 теңге залал келтірген. Ал К.Мәсілов «Конденсат» АҚ-ны 2008 жылы тексеру кезінде ауаға шығарылған нормадан тыс зиянды қалдықтарды жабулы қазан күйінде қалдырған. Мұндағы төленбеген әкімшілік айыппұл көлемі 3489037 теңгені құрады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).