Батыс Қазақстанда машина мұз астына кетіп, 8 адам үсіп өлді

АНА. 8 қаңтар. ҚазАҚпарат - Батыс Қазақстанда машина мұз астына кетіп, 8 адам үсіп өлді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысына қарасты Жәнібек ауданының аумағында орын алған.

«Қатып қалған ойпаттан өтіп бара жатқанда жарылған мұздың астына түсіп кеткен «ЛУАЗ» көлігіндегі 8 адам үсіп өлді», - делінген ведомство ақпаратында.