немесе орташа қамту 60,6 пайызды құрады, 3-6 жастағы балаларды есептегенде орташа қамту - 95,3 пайыз (2011 жылдың 1 қазанында - 59,9 пайыз).
Облыстық білім басқармасынан хабарлағанындай, қазіргі таңда өңірде мектепке дейінгі 471 мекеме жұмыс жасайды, соның 143-і - балабақша, 39-ы - «мектеп-балабақша» кешені, 289-ы - шағын орталықтар.
«Балапан» бағдарламасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту бағытында жаңа ғимараттар салу, мектептердегі бос орындарды пайдалану арқылы аз шығынды мектепке дейінгі ұйымдарды ашу («мектеп-балабақша» шағын орталығы) жұмыстары жүргізілуде. Айталық, 2010 жылы бұрынғы балабақшалар ғимараттарын босатып, 530 орынға арналған 3 балабақша ғимараттары күрделі жөндеуден өткізіліп, іске қосылды (олар Бөрлі ауданы Ақсай қаласында әрқайсысы 240 орындық 2 балабақша, Тасқала ауданы Тасқала ауылында 50 орындық,). 2011 жылы бос тұрған балабақшаларды қайтару арқылы 380 орынға арналған 3 балабақша (Теректі ауданы Федоровка ауылында 120 орындық, Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында 120 орындық және Тасқала ауданы Тасқала ауылында 140 орындық) іске қосылды.
Облыс бойынша 289 шағын орталық болса, оның 58-і толық күн (10 сағат) жұмыс жасайды. Шағын орталықтарда барлығы 8198 тәрбиеленеді, яғни барлық мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандардың 29,4 пайызын құрайды.
2010 жылы мектептер жанынан бос орындарды тиімді пайдалану мақсатында аз шығынды 1961 орынға арналған 74 шағын орталық ашылды
2011 жылы мектептер жанынан бос орындарды тиімді пайдалану мақсатында аз шығынды 464 орынға арналған 15 шағын орталық ашылса, оның 2-і - жеке шағын орталықтар (Орал қаласы және Теректі ауданы Юбилейный ауылында).
2012 жылы мектептер жанынан бос орындарды тиімді пайдалану мақсатында аз шығынды 450 орынға арналған 9 шағын орталық ашылса, оның біреуі - жеке шағын орталық (Орал қаласы, « София» ШО).
Қазіргі таңда облыс бойынша мектепке дейінгі 5 жеке шағын орталық қызмет көрсетеді (олар «Талап» жеке гимназиясы жанынан 75 орындық, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі жанынан 50 орындық, "Алмаз L" көп қабатты үй жанынан 25 орындық және Теректі ауданы Юбилейный ауылында 20 орындық, «София» балаларды дамыту орталығы), оның 4-і толық күн (210 бала), яғни балабақша режимінде жұмыс жасайды.
Өңірде коммуналдық меншікке үй-жайлар мен ғимараттарды беру есебінен балабақшалар ашылуда.
Облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарда 2837 педагог қызмет атқарады, оның 46,9 пайызы жоғары білімді, 48,0 пайызы арнайы орта білімді. «Балапан» бағдарламасы бойынша педагогтар мен тәрбиешілер 2010 жылдан бері қайта даярлау курсынан өтіп келеді.
Аудандық білім бөлімдерінің 2012 жылдың 1 қазанындағы мәліметтеріне сәйкес облыста мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінде 14989 бала тұр. Сонымен қатар Орал қаласында кезектің көптігі өзекті мәселе болып қалуда. Егер 2011 жылы Орал қаласында кезекке 12433 бала тіркелсе, 2012 жылдың 1 қазанында 12983 балаға жеткен. Орал қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекті азайту үшін шамамен 45 балабақшаның құрылысы қажет. Бұл мәселені жергілікті бюджет есебінен шешу мүмкін емес.