Батыс Қазақстанда мемлекеттік бюджетке 87,9 млрд. теңге жиналды

ОРАЛ. 27 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы бес айда 87,9 млрд. теңге жиналды.

Облыс әкімдігінен хабарлағанындай, бұл - болжамның 68,5 пайызы, өткен жылғы бес айдағыдан 16,2 пайызға кем.

Республикалық бюджетке 70,8 млрд. теңге (болжамға 63,0 пайыз), жергілікті қазынаға 17,1 млрд. теңге (болжамға 106,9 пайыз) түсті.

Салық түсімдерінің төмендеуі БИ Джи, Шеврон, Лукоил мердігерлік компанияларының корпоративтік табыс салығы бойынша 2011 жылғы декларациялар тапсыру қорытындысы бойынша шығынға шығуына байланысты болып отыр.

Өтелмеген салықтар (өткен жылдар есебімен) 2011 жылдың 1 маусымымен салыстырғанда 1388,1 млн. теңгеге азайып, 8923,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша - 8583,1 млн. теңге (1271,3 млн. теңгеге  аз), жергілікті - 340,2 млн. теңге (116,8 млн. теңгеге кем).

Міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектер 1592,0 млн. теңгеден 1074,2 млн. теңгеге дейін немесе 32,5 пайызға (517,8 млн. теңгеге) азайды.

Шаруашылық жүргізуші нысандардың жалақы бойынша мерзімі өткен берешектері  6,3 млн. теңгеге көбейіп, 24,8 млн. теңгені құрады.