ОРАЛ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда «Мемлекеттік тіл - мемлекеттілік нышаны» атты облыстық тіл фестивалі қорытындыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге атсалысқан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы Орал жол бөлімшесінің қызметкері Мақсот Әндіжанұлы, Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Гүлнәз Құлжанова, «Қазақстан» РТРК» БҚО филиалының директоры Асланбек Ғұбашев және басқалар алғысхатпен марапатталды. «Үздік емхана» аталымы бойынша Орал қаласындағы №3 емхана жеңімпаз атанса, №19 «Золотой петушок» және №28 «Қарлығаш» балабақшасы «Үздік қалалық балабақша» аталымына ие болды. Ауылдағы балабақшадан Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылындағы «Балауса» балабақшасының мәртебесі биік болды.
Фестиваль барысында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіліп, онда тіл жанашырлары өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).