Батыс Қазақстанда нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес айлығы қорытындыланды

ОРАЛ. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қыркүйектің 1-і мен қазанның 1-і арасында өткізілген нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес айлығы қорытындыланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашевтің мәлім еткеніндей, айлық барысында жоғары оқу орындарымен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, көптеген жұмыстар атқарылды. Қаладағы мониторларда нашақорлыққа қарсы роликтер көрсетіліп, билбордтар орнатылды. Осы бағытта жастар арасында форум, семинар-тренингтер ұйымдастырылып, әлеуметтанулық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жастардан сауалнама жиналды. Сондай-ақ денсаулық фестивалі, спорттық іс-шаралар, конференциялар өз деңгейінде өткізілді.