ОРАЛ. 16 тамыз. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК «Батыс Қазақстан гидрометеорология орталығының» мәліметіне қарағанда, 16 тамыз күні БҚО-ның кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады.
Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 25 метрге дейін жетеді.
Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті тиісті мекемелерге ескерту жариялады. Әсіресе, қалыпты тіршілікті қамтамасыз ететін коммуналдық мекемелер басшылары электр және байланыс желілерінің барынша тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз етуі шарт.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).