ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қзақстан облысында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 80661 теңгеге жетті.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ең жоғары еңбекақы әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында сақталып отыр. Мұндағы орташа жалақы (198,1 мың теңге) облыстық көрсеткіштен 2,5 есеге асып түседі. Сондай-ақ құрылыс саласындағылар орта есеппен 170,8 мың теңгеден (облыстық көрсеткіштен 2,1 есеге жоғары), өнеркәсіптегілер 130,9 мың теңгеден (1,6 есеге жоғары) алады. Ең төменгі еңбекақы өнер, демалыс саласында, мұндағы жалақы облыстық орта көрсеткіштің 42,8 пайызын құрайды.
Аумақтық жағынан алғанда, Бөрлі ауданындағы орташа жалақы - 191,5 мың теңге, бұл облыстікінен 2,4 есеге жоғары.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).