Батыс Қазақстанда өткен айда азық-түлік тауарлары бағасында өсу байқалған жоқ
ОРАЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қаңтарда өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы өзгеріссіз қалды.
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, керісінше астық ? 1,5, қатты ірімшік ? 3,6, күнбағыс майы ? 9,1, көкөніс ? 0,7, картоп 2,2 пайызға арзандады. Ал шұжық ? 3,8, балық пен теңіз өнімдері ? 2,5, алкогольді ішімдіктер 1,3 пайызға қымбаттады.
Осы мерзімде азық-түліктік емес тауарлар ? 0,1, ақылы қызмет 2,1 пайызға көтерілді.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).