ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы прокуратура органдарына 7149 арыз-шағым түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратурадан түскен мәліметке сілтеме жасап.
Арыз-шағымның басым бөлігі, яғни 3187-сі - тергеу мен анықтау мәселесіне, 2372-сі - мемлекеттік органдар қызметіндегі, 1221-і - азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдері мен орындау өндірісіндегі, 289-ы қылмыстық істерді қараудағы заңсыздықтарға қатысты болды.
Азаматтардың арыз-шағымын қарау кезінде анықталған заңбұзушылықтар бойынша 97 прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп, 66 адам түрлі жауапкершілікке тартылды. 21 қылмыстық іс қозғалып, 9 адам сотталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).