ішкі істер, салық және кедендік қызмет органдарымен бірге арнайы бекітілген жоспар негізінде «Өз қарызыңды біл!» атты айлық ұйымдастырды.
БҚО сот актілерін орындау департаментінен Айгүл Досқұлованың хабарлағанындай, айлық барысында мемлекеттік сот орындаушылары мекенжайларға шығып, мүлікті қамауға алу, айып алаңына автокөліктерді қою, жалақыдан өндіру, сонымен қатар қылмыстық қудалау шараларын жүргізді.
Ұйымдастырылған шара барысында сот орындаушылары жекелеген борышкерлерге ескерту беріп, түсініктеме алса, енді бірінің әкімшілік айыппұл берешегіне сай дүние-мүлкін алды. Мысалы, 2123 атқару өндірісі бойынша мекенжайларға барып, 27 мүлікке тыйым салды, жалақыдан өндіру мақсатында 108 қаулы тиісті мекенжайға жіберілді.
Облыстық сот актілерін орындау департаментінде бүгінде әкімшілік айыппұл өндіруге қатысты 122 млн. 335 мың 051 теңге берешекті құрайтын 13 мыңға тарта атқару өндірісі бар.
Сот актісін тиімді де уақтылы орындау және әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарған борышкерлердің берешегін азайту мақсатындағы жұмыстар жалғасын табады.