ОРАЛ. 19 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өзен көлігі жүре бастағалы бері 47 мың тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылғыдан 1,8 есеге артық.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, жүк айналымы көлемі 282,0 мың тонна/шақырымға жетіп, 2,2 есеге асып түсті.
Саяжайларға 7,4 мың адам жеткізіліп, жолаушы айналымы 257,2 мың жолаушы/шақырымды құрады.
Жыл басынан бері автомобиль көлігімен 12,7 млн. тонна жүк тасымалданып, жүк айналымы 752,9 млн. тонна/шақырымды құрады. Осы кезеңде 163,7 млн. жолаушы діттеген жеріне жеткізілді, бұл өткен жылғыдан 27,1 пайызға көп. Жолаушы айналымы 16,3 пайызға өсіп, 2602,8 млн. жолаушы/шақырымға жетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).