ОРАЛ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша салық департаменті 2008 жылы болжамдағы 279,9 млрд. теңгенің орнына мемлекет қоржынына 305,1 млрд. теңгенің түсуін қамтамасыз етті, сөйтіп болжам 109 пайызға орындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осының ішінен 261,4 млрд. теңге республикалық бюджетке аударылса, жергілікті қазынаға 43,7 млрд. теңге түсті. 2007 жылы бұл көрсеткіштер сәйкесінше 155,7 млрд. және 32,6 млрд. теңге болған еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).