Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, 1 маусымдағы дерек бойынша өңірде 27,8 мың шағын және орта кәсіпкерлік нысаны жұмыс жасайды, бұл 20 пайызға артық. Салада еңбек ететіндер саны 94,7 мың адамға жетіп, 4,9 пайызға көбейді.
Жыл басынан бері «Даму-Аймақ 2» бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына 31,2 млн. теңгеге 1 несие берілді.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен индустриялық инфрақұрылымды дамытуға - 410,6 млн. теңге, жеке кәсіпкерлікті қолдауға - 1208,0 млн. теңге көлемінде мақсатты қаржы бөлінді. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге - 3172,8 млн. теңге, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына қатысушыларды кәсіпкерлікке оқытуға 72,3 млн. теңге берілді.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттары бойынша аймақтық үйлестiру кеңесi 6,6 млрд. теңгенің 32 жобасын мақұлдады. Осы жобаларға сәйкес 259 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
2012 жылы «Орал» «ҰК» ӘКК» АҚ-ның қатысуымен 14,0 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылды.
2012 жылдың қаңтар-сәуір айларында екінші деңгейдегі банктер шағын бизнес нысандарына 5,5 млрд. теңге несие берді.
Облыстың шағын несие ұйымдары 657,2 млн. теңгенің 485 шағын несиесін үлестірді.