ОРАЛ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП бастаған «Киелі мұраға тағзым» атты республикалық іс-шара аясында БҚО-да Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ел аузынан әдеби-тарихи мұралар жинақталмақ. Осыған орай арнайы байқау жарияланбақ. Бұл туралы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ел аузындағы қазына» атты дөңгелек үстел отырысында айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Байқаудың мақсаты - ел аузындағы тарихи оқиғаларды, аңыз әңгімелерді жинақтау, тарихи жәдігерлерді зерттеу. Белгілі әдебиетші-ғалым Серікқали Шарабасовтың айтуынша, ел ішінде құнды заттар мен деректер әлі бар. Тек соны уақыт өткізбей жинап алу керек. Өлкетанушы Жайсаң Ақбай Бөкей хандығының тарихына қатысты тың деректер барлығын айтса, филология ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының проректоры Мұрат Сабыр қара өлеңдерді де сұрыптап, жарыққа шығару қажеттігін атап өтті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).