ОРАЛ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданында Сарыөзен бойында орналасқан оқушылардың «Алау» жазғы демалыс орны туристік-эколгиялық өлкетану бағытындағы лагерь болып қайта ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Лагерьде алты кезеңде 270 бала демалып, экологиялық бағытта тәрбие алады. Сондай-ақ мұнда демалушылар бау-бақша өсіріп, пайдалы еңбекпен айналысатын болады.
Осы өңірдегі алғашқы туристік-экологиялық лагерьдің ашылуына Қошанкөл ауылының шаруа қожалықтары демеуші болса, лагерьдегі маусымдық жұмыстарға округ тұрғындары тартылып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).