Батыс Қазақстанда туризм ұйымдастырушылары сынға түсті

ОРАЛ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы балалар туризмінің 50 жылдығына орай қосымша білім беру жұмысымен айналысатын мұғалімдер арасында «Жылдың туризм ұйымдастырушысы-2010» атты байқау ұйымдастырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық директорының орынбасары Гүлсім Усағалиеваның мәлімдеуінше, жас мамандардың қабілетін айқындайтын мұндай сайыс алдағы уақытта жетілдіріліп, жаңартылған күйде жыл сайын өткізілмекші. Бәсекеге түсіп, бақ сынау үшін аталмыш байқауға облыстан 13 команда қатысты.

Облыстың туризм ұйымдастырушыларының біліктілігін сарапқа салған қазылар алқасы байқаудың бас жүлдесіне бес бөлімнің қорытындысы бойынша 124 ұпай жинаған Ақжайық ауданының өкілі Райлан Нұрмановты лайықты деп шешті. Бөкейордалық Жақсылық Базарбаев - бірінші, Орал қаласы мен Сырым ауданының турұйымдастырушылары Екатерина Жукалина мен Тельман Исатаевтар екінші, үшінші орындарды бөлісті. Байқаудың жаңімпаздары мен жүлдегерлері орталықтың мақтау қағаздарымен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.