ОРАЛ. 2 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облысында ҰБТ сынақтары басталды.
Өңірде сынақ 2 және 4 маусым күндері тоғыз тестілеу орталығында, атап айтқанда, жеті аудан орталығы мен Орал қаласындағы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өтеді.
Облыстық білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, биыл БҚО-да 6093 түлек мектеп бітірсе, соның 1700-дейі Орал қаласынан. Солардың 4753-і немесе 75 пайызы ҰБТ-ға қатыспақшы. Түлектердің 239-ы «Алтын белгіден» үміткер болса, 116-сы ерекше аттестат алуға талпынып отыр.
Тоғыз тестілеу пунктінде де талапқа сәйкес барлық жағдай жасалған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).