ОРАЛ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында спорт саласындағы үздік спортшылар марапатталды.
Спортшыларды жаңажылдық мерекемен облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен құттықтап, алдағы жылы да тың табыстарға қол жеткізуге тілектестігін білдірді. Атақты балуан, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Даниял Гаджиев, жастар арасында еркін күрестен ел намысын абыроймен қорғап, халықаралық додаларда топ жарып жүрген Екатерина Ларионова, жасөспірімдерден дзюдошы Темірлан Көлбаев жылдың үздік спортшылары атанды.
Сонымен қатар ойын түрлері, туризм саласы бойынша үздіктер, спорт тақырыбына қалам тартып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де құрмет көрсетілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).