ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жастар арасында жыл үздіктері анықталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашев республикадағы ең үздік жастар ұйымы атанған «Облыстық жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Мерболат Нұржановқа, сондай-ақ елдегі ең жас үздік спортшы аталымын жеңіп алған самбодан екі мәрте әлем чемпионы Ерболат Байбатыровқа «Жыл үздігі - 2009» дипломы мен төсбелгісін табыс етті.
Өңірде түрлі аталымдар бойынша үздік шыққандар да марапатталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).