ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Теректі ауданы Подстепный ауылында тұратын 1956 жылғы Серік Нығметов кеше үйінен шығып кеткеннен оралмаған.
Зайыбы Гүлнәр Байғұттиеваның айтуынша, үстіне қызыл қоңыр кофта, қара шалбар, ақ баскиім киген.
Подстепныйдағы колледжде жұмыс істеген С.Нығметов ара-тұра есін жоғалтып алады. Бұдан екі-үш жыл бұрын осындай оқиға болып, 12 сағаттан кейін табылған еді.
С.Нығметовті көрген-білген адамдардың 8-777-861-22-81, 8-705-4470439, 8-708-533-81-99 телефондарына хабарласуы сұралады.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, ер адамның жоғалғаны жөнінде бүгін таңертең арыз түскен.
Қазіргі кезде полиция қызметкерлері де іздестіріп жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда полицейлерден қашқан ел адамның өзінің тамағын тіліп жібергенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).