Батыс Қазақстанда жол апаты салдарынан төрт адам ауруханаға жатқызылды

ОРАЛ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат -Ақсай-Шыңғырлау жолының 1-шақырымында, 14 желтоқсан күні «ВАЗ-21213» автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, өз бағытымен жүріп келе жатқан «Лада-21310» автокөлігімен соқтығысты.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «ВАЗ-21213» автокөлігінің жүргізушісі қатты жарақат алған. Сондай-ақ сол автокөліктегі үш жолаушы да аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.