Батыс Қазақстанда «Жол картасы» бойынша бөлінген қаржының 93,5 пайызы игерілді

ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасына» сәйкес 3523,3 млн. теңге бөлінсе, соның 3293,8 миллионы немесе 93,5 пайызы игеріліп отыр.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осының 1455,8 миллионы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеуге бағытталса, 575,2 миллионы - жолға, 670,4 миллионы - білім беру, 509,2 миллионы - денсаулық сақтау, 312,7 миллионы мәдениет нысандарын ретке келтіруге бөлінді.

Жалпы, биылғы жылға БҚО-да «Жол картасына» сәйкес 4193,8 млн. теңге, соның ішінде 3496,8 миллионы - республикалық бюджет, 697 миллионы жергілікті қазына есебінен қарастырылған.