ОРАЛ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес төрт бірдей сумен қамту нысанын қайта құруға 307,2 млн. теңге жұмсалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық құрылыс басқармасының мәліметіне қарағанда, осы қаржыға Ақжайық ауданының Жұбан, Зеленовтың Зеленый, Первосовет, Қазталовтың Қошанкөл ауылдарында сумен қамту нысандары ретке келтірілді. Бұл нысандарда 347 адам жұмысқа тартылды. Жыл аяғына дейін 39,6 шақырым су құбыры іске қосылып, 5600-ден астам адам таза су ішетін болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).