ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасына» сәйкес 2009 жылы бөлінген 4176,5 млн. теңге 99,9 пайызға игерілді.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, соның ішінде 3496,8 млн. теңге республикалық бюджеттен берілсе, 679,7 млн. теңге жергілікті қазынадан қарастырылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеуге - 1798,2 млн., жолдарды ретке келтіруге - 800 млн., емдеу мекемелеріне - 509,2 млн., мәдениет ошақтарына 330,1 млн. теңге толық жұмсалды. Ал білім беру нысандарына бағытталған 739 млн. теңгенің 737,2 миллионы игерілді.
Жыл ішінде 8823 жаңа жұмыс орны ашылып, жоспар орындалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).