ОРАЛ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасына» сәйкес кадрларды қайта даярлауға биылға 443,7 млн. теңге қаралса, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 138 млн. теңге бөлініп, ол 99,4 пайызға игерілді.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, биыл 3114 адам оқуы немесе қайта даярлықтан өтуі тиіс болатын. Күні бүгін 3101 адам оқуға жіберілді. Өңірде барлығы 31 оқу орнында мамандық алу ұйымдастырылып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).