Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Раушан Мұсалимова мәлім етті.
Оның айтуынша, Елбасы Жолдауына сәйкес өткен жылы әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту бағытында отыздан аса мекеме-ұйыммен келісім жасалған болатын. Соның нәтижесінде 62-нін орнына 66 адам жұмысқа жолданып, жоспар 106 пайызға орындалды. Мұның сыртында «Жол картасы» бойынша ауданға республикалық бюджеттен 19,8 млн. теңге бөлінді. Соның ішінде 120 әлеуметтік жұмыс орнына 14,4 млн. теңге көзделді. «Жастар тәжірибесіне» 45 адамға 5,4 млн. теңге қарастырылған еді. Осыған байланысты 42 мекемемен келісім жасалып, 69 жас маманға жолдама берілді, оның 11-і тұрақты жұмысқа орналасты.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тойланатын биылғы жылда «Жастар тәжірибесіне» республикалық бюджеттен өткен жылғыдан көбірек, 7,02 млн. теңге бөлініп отыр. Соған сәйкес жұмысқа тартылатын 45 жастың еңбекақысы өткен жылғыдай 20 мың емес, 26 мың теңгеге жетпек. Бұдан өзге республикалық бюджеттен 3,384 млн. теңге мүгедектерді сауықтыруға жұмсалмақшы.