Батыс Қазақстанда «Жолдағы қабылдау» іс-шарасы ұйымдастырылды

ОРАЛ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында республикалық «Жолдағы қабылдау» іс-шарасының үшінші кезеңі өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы жол полициясы қызметкерлері Орал-Федоров күре жолын таңдап алды. Жүргізушілер сауалнама қағаздарын толтырып қана қоймай, ескерткіш сыйлықтар да алды. МАИ қызметкерлері бірқатар ескертпелер айтқанымен, ешкімді айыпқа тартқан жоқ. Облыстық жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Игорь Дождиковтің сөзіне қарағанда, мұндай шаралар жол полициясы қызметін жетілдіре түсу үшін қажет.