Батыс Қазақстанда жоспарланған тұрғын үйлерді жаңғырту жыл соңына дейін аяқталмақ

ОРАЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.

Облыстық энергетика және коммуналдық ша­р­уа­­­шы­­­лы­­­қ басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, биыл аталмыш бағдарламаның 1-тетігі бойынша 312 млн. астам теңге «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жарғылық қо­рын толықтыруға, 2-тетігі бойынша бөлінген 500 млн. теңгенің 111 млн. теңгесі Орал қаласына, 108 млн. теңгесі Шыңғырлау, 130 млн. тең­гесі Жаңақала, 150 млн. теңгесі Зеленов аудандарына бе­ріл­­ді. Зеленов ауданында 34 үйді жаңғырту жоспарланды. Соның 21-і жөн­де­ліп, тапсырылды. Ал Шыңғырлау ауданында жоспарға сай 20 үй тү­гел­дей жаңғырту үрдісінен өтіп, мемлекеттік ко­мис­сия­н­ың қа­был­дауынан өтті. Жаңақала ауданында 15 үйді жөн­деу жұ­мыс­та­ры аяқ­та­лып, енді комиссияның қабылдауынан өтеді. Орал­да жаң­ғыр­ты­луы тиіс 16 үйдің төртеуінің жөндеу жұмыс­тары аяқ­т­ал­ды. Жыл соңына дейін жоспарланған тұрғын үйлерді жаңғырту қалада да, аудан орталықтарында да аяқталады.

Сонымен қатар Ақжайық ауданының орта­лығы Чапаев ауылында аталмыш бағдарламаның 1-те­тігі бойынша бір бес қабатты, бір екі қабатты үйлерді жаңғырту жұмыстары басталады. Енді «Орал» ӘКК мердігерді анық­тау үшін конкурс өткізеді. Қарат­өбе, Сырым, Тасқала, Қазта­лов аудан­дары бағдарламаға қа­ты­суға құ­жат­та­рын жинақтап, жобаларын дайын­дауда. Оралда 2011 жылға дейін тұрғын үй­лер­дің шатырларын, жертөлесін жөн­­деу жұмыстарына төтенше жағдайлар же­лі­сі арқылы бюджеттен қаржы бө­лі­ніп кел­ді. Қалалықтар соған бой үйретіп ал­ған­дай, әлі күнге мемлекет жөндеп береді деп тегін көмек күтеді.

Тасқала ауданында биылға үш үйді жаңғырту жоспарланып, тұрғындардың келісімі алынды. Үш үйдің құжаттары сараптамаға тапсырылды. Енді сараптама қорытындысы шы­ғарылса, жөндеу жұмыстары басталады. Шыңғырлау ауданында бір үйге терможаңғырту жасалды. Онда үйдің қабырғасы жылу ұстағыш материалмен қапталды. Ақжайықтың Чапаев ауылындағы бір екі қабатты үйдің қабырғасын, төбесін, балконын, кіреберісін жылу ұстағыш материалмен қаптап, подъездің есігін жаңалап, кодпен ашылатын кілт орнатып, пәтерлердің терезелерін пластикалық терезелермен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.