ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бүгін атақты ақын, Қазақстан халық жазушысы,
КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар басталды.
Облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Марат Қалиевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, той қонақтары алдымен ақынның туған жері Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылына ат басын тіремекші. Осында мерейтойлық кешпен бірге концерт қойылмақ.
Ақынның жары София, балалары қатысатын мұндай шаралар ертең аудан орталығы Чапаев ауылында, қазанның 1-інде Орал қаласында жалғасады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).