ОРАЛ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес бөлінген 3,2 млрд. теңге толықтай игерілді.
Облыс әкімдігінен хабарлағанындай, бизнес негіздеріне 2 мың ауыл тұрғындары оқытылды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 1,5 мыңнан астам ауыл тұрғыны өз ісін ашты. Ауыл кәсіпкерлері тігін, кондитер цехы, жиһаз шеберханаларын, шаштараз, фотосалон және басқа халыққа қажетті орындарды ашуда.
Биылғы 1 қарашаға белсенді шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 25,5 мыңға жетті, бұл өткен жылғыдан 4,4 пайызға көп. Аталмыш салада бүгінгі таңда 91,5 мың адам еңбек етуде, бұл 5 пайызға артық.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).