ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 қаңтарға дейін жұмыспен қамту органдарына 1616 жұмыссыз тіркелген,
бұл өткен жылдың осы сәтімен салыстырғанда 20,9 пайызға кем.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның 1362-сі ауылдық жерде тұрады, бұл да 18,2 пайызға аз. Жұмыссыздардың тең жартысынан астамы, яғни 59,3 пайызы - әйелдер. Бұлар да 25,7 пайызға қысқарды.
Бір жылда 22965 адам жұмысқа орналасу жөнінде өтініш білдірсе, 1560-ы кәсіптік біліктілігін көтеруге, 7609-ы қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
Жұмыссыздық деңгейі 2009 жылы бірінші тоқсанда - 6,8, екіншісінде - 6,3, үшіншісінде - 6,0, төртіншісінде 5,9 пайызды құраса, өткен жылы бірінші тоқсанда - 5,9, екіншісінде - 5,6, үшіншісінде 5,5 пайызға дейін төмендеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).