ОРАЛ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы қазанның аяғында жұмыспен қамту органдарында 2197 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда жұмыссыздар үлесі 0,7 пайызды құрады.
Жан басына шаққанда орташа ақшалай табыс биылғы қыркүйек айында 51639 теңгені құрады. 2009 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда номинальды табыс - 32,7, нақты табыс 24,7 пайызға артты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).